Онлайн-кредиттеудің адам өміріндегі рөлі
Әр адамның өмірінде тез арада ақша қажет болып қалатын жағдайлар кездеседі. Бұл жағдайда қарызгерлерге бәрінен бұрын кредиттеу жүйесі ұсынатын мүмкіндіктерді пайдаланған жөн. Алайда, Астанадағы немесе Қазақстанның басқа қаласындағы банктен ақшалай қаражат алуға, әдетте, бірнеше күн кетеді. Онлайн-кредиттің көмегімен ақшаны едәуір тез алуға болады. Интернет арқылы қарызгер кредитті бір сағатта рәсімдей алады. Қазір онлайн кредиттеу материалдық қиындықты шешудің ең ыңғайлы тәсілі болып келеді. Банк несиесін рәсімдеумен салыстырғанда, кредиттік қаражат алудың осы тәсілінің көптеген артықшылықтары бар.
Интернет арқылы қарыз рәсімдеудің артықшылықтары
- нашар кредиттік тарихпен кредит алу мүмкіндігі;
- табысы туралы анықтаманы ұсынудың қажеті жоқ;
- қаражат алуға көмектесетін интернет-сервистердің тәулік бойы жұмысы;
- бір сағатта кредит алу мүмкіндігі.
Біздің интернет-порталдың мүмкіндіктері
Vyborzayma.kz интернет-порталдың пайдаланушылары Алматы қаласында аз күш жұмсай отырып, өздеріне қажетті ақшалай сомада тез кредит алу мүмкіндігі бар. Біздің клиенттер КТ нашар болса да, қарыз алу мүмкіндігіне ие. Кредиттік тарихы нашар адамға қазақстан банкінде қарызды рәсімдеу, әдетте, өте қиынға соғады, көбіне мүмкін болмайды. Біздің онлайн-сервис өзіне жүгінген клиенттің кредиттік тарихы қызықтырмайтын ұйымдармен ынтымақтастық жасайды. Олар кредиттік өнімдерді оңайлатылған схемада береді, қарызгерден табысы туралы анықтаманы, сондай-ақ басқа қосымша құжаттарды жинау мен көрсетуді талап етпейді. Көбіне мұндай компанияларда өз паспортын ғана ұсынып, бір сағат ішінде қарыз алуға болады.
Қалай өтінім беуге болады?
Кредит алғысы келетін адамдар ақшалай қаражат беруге онлайн-өтінімді жөнелту үшін, алдымен олардың қандай кредиттік ұсынысты пайдаланғысы келетінін анықтап алуы қажет. Оңтайлы нұсқаны таңдау үшін, сізге біздің автоматты іздеу жүйеміз көмектеседі. Мұнда өзіңізді қызықтыратын ұсынысты көрсетіп, сіз барлық ықтимал нұсқалардың іріктелген тізімін ала аласыз. Олардың ішінен барыншы ыңғайлысын таңдап алып, өз өтініміңізді рәсімдеуге кірісіңіз. Өтінімде өзіңізді қызықтыратын соманы, кредитті пайдалану мерзімін, сондай-ақ қаражат алудың өзіңізге ыңғайлы тәсілін көрсету керек.
Ақшаны алу және борышты өтеу тәсілдері
Бір сағат ішінде ақшалай кредитті рәсімдейтін қарызгерлер өздері алған қаражатты кредитор-ұйымға уақтылы қайтарып отыруға тиіс. Қазақстанның кредиттік ұйымдары өз клиенттеріне мұны түрлі тәсілде орындауға мүмкіндік береді. Көбіне қаражатты банк төлемі немесе карточкаға аудару арқылы қайтарады. Қазақстанның кейбір банктік ұйымдары электрондық ақшалармен жұмыс істейді және қарызгерлерге қаражатты интернет-әмияндарға аударуға мүмкіндік береді. Егер қарызгерге ақша төлеу үшін банкке келу ыңғайлы болса, ол алған сомасын қолма-қол ақшамен өтей алады. Сонымен қатар қаражаты қайтару үшін жылдам аударым жүйесін пайдалануға болады.